Accessibility links

Ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды


Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)
Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)
Bek Air әуе компаниясының Алматыдан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы көп ұзамай Алматы әуежайына қайтып оралды.

Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, Bek Air компаниясының ұшағы Алматыдан таңертеңгі сағат 7-ден 18 минут өткенде ұшып шыққан. Бірақ техникалық себептерге байланысты сағат 7-ден 35 минут өткенде әуежайға қайта оралған.

Компания өкілі Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуына қарағанда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақтың апатты жағдайларда белгі беретін дабылы іске қосылып, кері қайтуға мәжбүр болған.

Ұшақ таңертең сағат 9.30 шамасында белгіленген бағыты бойынша қайта ұшып кеткен.

Қазақстанда соңғы бір жылда жолаушылар ұшағынан ақау шыққан төтенше оқиғалар бірнеше рет қайталанды.
XS
SM
MD
LG