Accessibility links

Мәскеудегі наразылық шеруі

Мәскеуде Ресейдегі бірқатар оппозициялық ұйымдардың бастамасымен «Болотный ісі» бойынша айыпталғандарға қолдау таныту шеруі өтті. Мыңдаған адам қатысқан шеруде: «6 мамыр тұтқындарына бостандық берілсін!», «Саяси тұтқындар босатылсын!» деген талаптар айтылды. 2012 жылы 6 мамырда Мәскеудегі Болотный алаңында оппозицияның акциясы шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласып, осы оқиғаға байланысты қозғалған, кейін «Болотный ісі» деп аталып кеткен іс бойынша 30-ға жуық адамға айып тағылған болатын. Олардың үшеуі сотталды. Бірнеше адам Мемлекеттік думаның Ресей конституциясының 20 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылыққа ілінген еді. Айып тағылған сегіз адамға қатысты сот 5 ақпанда жалғаспақ. Прокуратура оларға бес жылдан алты жылға дейін түрме жазасын беруді сұрайды. Мәскеу, 2 ақпан 2014 жыл.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG