Алматының Алмалы аудандық сотында қала тұрғыны, запастағы полковник Көпесбай Жампейісовтің "Саясат алаңы" газетінің үстінен берген шағымы бойынша алдын-ала сот тыңдауы жалғасты.
Жампейісовтің өкілі Әсел Анарбекова шағым беруші әуелде газет редакциясы өзінен алған сұхбаттың тақырыбын дұрыс қоймады деп, редакциядан моральдық шығын ретінде 3 миллион 704 мың теңге өндіріп беруді сұраған. Кейін Жампейісов шағымын жөндеп, жауап беруші "Саясат алаңы" газеті емес, басылым иесі деп көрсеткен.
Газеттің меншік иесінің өкілі, заңгер Сергей Уткин мен оның журналисі Инга Иманбай шағымданушының талабымен келіспей, соттан оны қанағаттандырмауды сұрады.
Алмалы аудандық сотының судьясы Дәулет Аркинов шағымданушы жақ пен газет өкілдеріне дауды бейбіт шешуді немесе медиатордың көмегіне жүгінуді ұсынған.
Газет иесінің өкілдері бұл ұсынысты шағым беруші жақпен талқылауға дайын екендерін айтты. Шағымданушы жақ өкілі Көпесбай Жампейісовпен ақылдасып алу қажет екенін айтты. Судья екі жаққа ойланып алуға мұрсат беріп, келесі сот отырысын 10 ақпанға белгіледі.
2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында Қазақстанда сот шешімдерімен ондаған оппозициялық басылым жабылған еді. "Саясат алаңы" мен "Ашық алаң" газеттері - Қазақстанда шығып жатқан санаулы оппозициялық басылысдардың бірі.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымы жыл сайынғы есебінде "Ашық алаң" газетінің қызметінің тоқтатылуын сынаған еді.