Украина парламенті конституцияға президенттің өкілетін шектейтін өзгерістер енгізуге келісе алмай сессиясын аяқтады.
Оппозициялық депутаттар мемлекетті басқарудың парламенттік-президенттік жүйесін енгізетін бұрынғы конституция жобасын қалпына келтіру туралы ұсыныстарын өткізе алмады.
Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко 4 ақпанда Украина президенті Виктор Януковичпен кездескенде "жағдай ушығып бара жатқанын" айтып, президенттің "жедел шешім қабылдауын" талап еткенін кейін журналистерге жеткізген еді.
Украинадағы дағдарысты саяси жолмен реттеуге көмектесу үшін Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон Киевке жақында тағы да бармақшы.