Байқоңырдан 5 ақпанда ұшырылған "Прогресс М-22М" жүк таситын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының Ресейге тиесілі "Пирс" деп аталатын бөлігімен түйісті.
Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, жүк кемесі ғарыш станциясына отын, ауызсу, ауа толтырылған баллондар және экипаж мүшелері отбасыларының сәлемдемелерін жеткізген.
Бұдан өзге, кеме ғарыш станциясына зерттеуге жауын құрты мен алтын балық апарған. Ғарыш кемесі жерден жеткізген жүктің жалпы салмағы 2,4 тоннаны құрайды.
Ғарыш кемесін ресейлік "Союз-У" зымыраны алып ұшқан.