БҰҰ-ның Рим-католик шіркеуін діни қызметкерлеріне әлемде ондаған мың баланы "зорлап, азғындық жолға түсіруге рұқсат етті" деп айыптағанына Ватикан жауап берді.
Ватиканның БҰҰ жанындағы өкілі, архиепископ Сильвано Томаси БҰҰ-ның балалар құқықтары жөніндегі комитетін "фактілерді бұрмалап көрсетті" және "есебінде шіркеу жүргізген реформаларды айтпады" деп айыптады. Ол бұған қоса есеп "идеологиялық" мақсатты көздейді және оны "гомосексуалистердің құқығын қорғайтын топ дайындаған" дейді.
БҰҰ комитеті есебінде Ватиканды кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсірді деген діни қызметкерлерді дереу қызметтерінен кетіруге шақырып, олар туралы ақпараттарды құқық қорғау орындарына беруді талап еткен.
БҰҰ мамандары Рим-католик шіркеуін "балаларды қорғай алмай отыр" деп айыптап, Ватиканды "педофил дін қызметкерлері" туралы мәліметтерді жариялауға шақырады.