Accessibility links

Косовода студенттер мен полиция қақтығысты


Полиция мен студенттер қақтығысы. Косово, Приштиина, 7 ақпан 2014 жыл.
Полиция мен студенттер қақтығысы. Косово, Приштиина, 7 ақпан 2014 жыл.
Жұма күні Косово астанасы Приштинада студенттер мен полиция қақтығысқан.

Сенбі күні де қаладағы ахуал ауыр, адамдар үрейлі болған. Өйткені қақтығыс кезінде бес полицейдің аяқ-қолы сынып, ондаған студент жараланған. Полиция студенттерді қуып тарату үшін көз ашытатын газ бен аэрозоль шашқан. 30-дан аса студент тұтқындалған.

Қақтығыстың себебі - студенттер Приштина университеті әкімшілігін басып алмақ болған.

Студенттер қақтығысқа дейін екі апта бойы университет деканы Ибрагим Гаши мен бірнеше профессордың жұмыстан кетуін талап етіп шеруге шыққан еді. Оларды студенттер "ғылыми жұмыстарын өзгелерден көшіріп алды" деп айыптайды.

Косовода шерулер жиі болып тұрады. Өйткені бұл елде еңбекке қабілетті тұрғындардың 35-45 пайызы жұмыссыз.
XS
SM
MD
LG