Швейцария тұрғындары елде өткен референдумда Еуропа Одағынан иммигранттардың келуіне шектеу қоюды жақтап дауыс берді.
SRF телеарнасының хабарлауынша, иммигранттарға, оның ішінде Еуропа Одағынан келетін иммигранттарға квотаны шектеуді қолдаушылар мен оған қарсылардың саны жағынан үлкен айырмашылық жоқ. Шектеуді референдумда дауыс бергендердің 50,3 пайызы қолдаған.
Иммигранттарды шектеу мәселесін Швейцария ұлттық партиясы көтерген.
Бірақ үкімет "иммигранттар санын шектеу мемлекет экономикасына, Еуропа Одағымен байланысқа кері әсер етуі мүмкін" деп ескерткен еді. Бұдан екі жыл бұрын Швейцарияда Орталық және Шығыс Еуропаның сегіз елінен келетін иммигранттарға квота енгізілген. Мұның өзі сол кезде Еуропа Одағының сынына ұшыраған.
Еуропа Одағы басшылары референдум қорытындысының Швейцариямен қарым-қатынасқа қаншалықты әсер ететінін бағалайтынын хабарлады.