Accessibility links

HRW: Ауғанстанда адам құқығына назар аудару керек


Ауғанстандағы президент сайлауына үміткерлердің жарнамасы ілінген билборд. Кабул, 4 ақпан 2014 жыл.
Ауғанстандағы президент сайлауына үміткерлердің жарнамасы ілінген билборд. Кабул, 4 ақпан 2014 жыл.
Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ауғанстан президенттігіне үміткерлерді сәуір айында болатын сайлауға дайындық кампаниялары кезінде елдегі адам құқықтарына басты назарға аударуға шақырды.

Үміткерлерге әскери қылмыстар, әйелдер құқықтары және азаптауға қатысты сұрақтар қойылған. «Төрт үміткер өте маңызды деген мәселелерге қатысты өз пікірлерімен бөлісті» дейді ұйымның Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.

Ұйымның мәлімдеуінше, президенттіктен үміткер 11 адамның тек төртеуі - Абдулла Абудлла, Кутбуддин Хелал, Каюм Карзай және Дауд Султанзой ғана елдегі адам құқықтарының өзекті мәселелеріне қатысты сауалнамаға жауап берген.

Ауғанстанда президент сайлауы 5 сәуірде өтпекші. Сайлауға дайындық науқаны 2 ақпанда басталған.
XS
SM
MD
LG