Accessibility links

"Түркіменбашы" анасының атындағы орден жойылды


Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың анасының құрметіне Ашғабадта орнатылған ескерткіш. (Көрнекі сурет)
Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың анасының құрметіне Ашғабадта орнатылған ескерткіш. (Көрнекі сурет)
Түркіменстанның ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Гурбангулы Бердімұхамедов бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың анасының атына тағайындалған орденді жойды.

Turkmenistan.ru сайтының хабарлауына қарағанда, Бердімұхамедов әйелдерге ғылым, мәдениет, әдебиет және спорт саласындағы жетістіктері үшін беріліп келген "Гурбансолтан-эдже" сыйлығын жоюға бұйрық берген.

Түркіменстан президенті бұл орденнің орнына "Зенан калбы" деп аталатын сыйлықты тағайындау туралы жарлық шығарған.

2006 жылы қайтыс болған Ниязов сәуір айын анасының атымен Гурбансолтан айы деп өзгерткен еді. Бердімұхамедов билікке келген соң көп ұзамай бұл өзгерісті де жойған.
XS
SM
MD
LG