Accessibility links

Ирак: Рамадиден содырлар ығыстырылды


Ирак әскері "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлармен ұрыс кезінде. Рамади, Ирак, 1 ақпан 2014 жыл.
Ирак әскері "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлармен ұрыс кезінде. Рамади, Ирак, 1 ақпан 2014 жыл.
Ирак әскерилері Рамади қаласынан исламшыл содырларды ығыстырып шығарғанын хабарлады.

Ирак армиясының генералы Рашид Флайехтің айтуынша, әскерилер 12 ақпан күні таңертең әскери тікұшақтардың қолдауымен жаңа операция бастап, қаланың көпшілік аудандарын содырлардан тазартқан.

Тағы бір генерал Исмаил әл-Махлави полиция жасақтары Рамади қаласына шоғырландырылып жатқанын айтады.

"Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымының жасақтары Ирактың Анбар провинциясының Рамади және Фаллуджа қалаларын өткен жылдың соңында басып алған еді. Оларға жергілікті кейбір сүнниттік тайпалар да қосылып, үкімет әскерімен қақтығыстар басталған. Соның салдарынан жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам баспаналарын тастап қашуға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG