Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына Сирияға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өзінің қарар жобасын ұсынды. Бұл туралы бүгін Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады. Бірақ Ресей бұл жобасында нақты қандай шаралар ұсынатыны әзірге хабарланбады.
12 ақпанда Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов Сириядағы терроризммен күрес шаралары туралы қарарын ұсынатынын хабарлаған еді.
Ресей сыртқы істер министрлігі Австралия, Иордания және Люксембург даярлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынған қарар жобасын сынаған болатын. Жобада сириялықтарға кедергісіз гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашу жайы қарастырылған еді. Бірақ, Ұлыбритания, Франция және АҚШ қолдаған жобаны Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "құжат Сирия президенті Башар Асадқа ультиматум қоюмен бірдей" деп, оны қабылдауға қарсы болған.
11 ақпанда АҚШ президенті Барак Обама Рсеей билігін "Сирия халқына немқұрайлы қарайды" және "БҰҰ-ның Сирияның Хомс қаласын қоршаудан босату туралы қарарын орындауға кедергі келтіреді" деп айыптаған.
Сирияда қарулы қақтығыстар басталғалы бері Башар Асад билігін қолдайтын Ресей БҰҰ-ның Сирияға қатысты үш қарарын қабылдатқызбаған.