Accessibility links

Алматыда үш блогер абақтыдан шықты


Алматы әкімі Есімовпен кездесуге шақырылмаған блогер Нұрәлі Айтеленов наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 5 ақпан 2014 жыл.
Алматы әкімі Есімовпен кездесуге шақырылмаған блогер Нұрәлі Айтеленов наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 5 ақпан 2014 жыл.
Сенбі күні Алматыдағы әкімшілік қамау жазасын өтейтін орыннан блогерлер Нұрәлі Айтеленов, Дмитрий Щелоков және Ринат Кибраев бостандыққа шықты.

Оларды ақпанның 5-і күні кешке Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "бұзақылық" айыбымен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алуға шешім шығарған еді. Сол күні түске дейін Алматы әкімі Ахметжан Есімов жергілікті блогерлермен кездесіп жатқан қаладағы бір мейрамхананың қасында наразылық білдірген Айтеленов, Щелоков пен Кибраевты полиция ұстаған болатын.

Әкім мен блогерлер кездесуінен соң әлеуметтік желілерде "әкіммен кездесуге тек билікшіл блогерлер ғана шақырылды" деген мазмұндағы жазбалар шықты. Алматылық блогердің бірі Владимир Лукашовтың осы кездесуге арнап салған карикатурасы интернетке тарап кетті.
XS
SM
MD
LG