Accessibility links

Алматы облысында жолаушылар боранда қалды


Боран
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:18 0:00

Жолдағы боран. Алматы облысы, 17 ақпан 2014 жыл.

Қарлы боран соғып, жолдың жабылуына байланысты Алматы облысына қарасты Кербұлақ ауданында 20-дан астам көлік далада қалған. Азаттық радиосына бұл туралы осы көліктердің біріндегі жолаушы Әлімбек Нұрбек хабарлады.

Әлімбек Нұрбектің айтуына қарағанда, "көліктер Талдықорғаннан Жаркентке қарай асатын Алтынемел асуында бүгін таңғы сағат алтыдан бастап жиналған. Көліктерде арасында жас бала, қариялар да бар 80-ге жуық адам отыр".

"Құтқарушыларға таңнан бері талай рет хабарластық. Олар «көмек барады» дегелі бірнеше сағат болды. Егер түнге қалсақ, адам шығыны болуы мүмкін. Өйткені көліктеріміздің бензині таусылуға айналды" дейді Әлімбек Нұрбек.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментің баспасөз қызметкері Гүлмира Сейдахметованың айтуынша, "аталған аумақта жол бүгін түсте жабылған және қазір төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке қарасты үш техника және бір әскери бөлім сол жақта жүр. Әзірге ішінде 47 жолаушысы бар автобус құтқарылған".

Алайда кешкі сағат жетіде Азаттық тілшісі хабарласқанда Әлімбек Нұрбек Алтынемел асуына ешбір құтқарушы келмегенін айттты. "Таяу маңда елдімекен көрінбейді, сонда да көлігімізді тастап жаяу кеткелі тұрмыз" дейді ол.
XS
SM
MD
LG