Accessibility links

Академик Сайым Балмұханов қайтыс болды


Сайым Балмұханов (1922-2014) – медицина ғылымының докторы, профессор, академик.
Сайым Балмұханов (1922-2014) – медицина ғылымының докторы, профессор, академик.
Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы рентген-радиология және радио биология ғылымдарының негізін салушы, қоғам қайраткері Сайым Балмұханов 19 ақпанда 92 жасында қайтыс болды.

Сайым Балмұханов Қазақстандағы онкологиялық қызметтің қалыптасып, дамуына үлес қосқан. Оның басшылығымен Қазақстандағы алғашқы онкологиялық ауруларды сәулемен емдейтін клиникалық база ашылған.

Балмұханов "Невада-Семей" халықаралық қозғалысының президиум мүшесі болған. Ол Семей полигонында ядролық қаруларды сынаудың тұрғындарға тигізген әсерін зерттегіні үшін Такаши Нагайи атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығын иеленген.

Сайым Балмұхановпен қоштасу 21 ақпанда Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді.
XS
SM
MD
LG