Accessibility links

Киевте тағы бірнеше адам қаза тапқаны хабарланды


Шерушілер қаза тапқан адамдарға қарап тұр. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.
Шерушілер қаза тапқан адамдарға қарап тұр. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңындағы шерушілер мен полицияның атысынан соң белсенділер сол маңдағы "Украина" қонақ үйіне қаза тапқан 13 адамның сүйегін апарды деген хабар тарады.

Бұған дейін 18 ақпаннан бергі қарсылық кезінде, ресми есеп бойынша, 28 адам қаза тапқан.

Қазір Киевтің орталық алаңында 30 мыңдай адам тұр. Ол маңды арнайы жасақ қоршап жатыр.

Украина президенті Виктор Янукович Германия, Польша және Франция сыртқы істер министрлерімен жолықты.

Украина Жоғарғы радасы депутаттарды төтенше жиын өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG