Accessibility links

"Эйр Астана" Киевке рейстерін азайтпақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
"Эйр Астана" әуе компаниясы жолаушылар азайғандықтан Киевке рейстерін азайтады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Компанияның түсіндіруінше, 24 ақпан мен 30 наурыз аралығында кей күндері жолаушылар аз болғандықтан Алматы мен Астанадан Киевке баратын рейстер ұшпайтын болды. Компания Киевтегі, ондағы "Борисполь" әуежайындағы жағдайды үнемі бақылап отырғанын айтады.

Бұған дейін компания ұшақтары Киевке аптасына бес рет ұшатын.

Киевте 2013 жылы қарашада басталған үкіметке қарсы шерулер ақпанның 18-інде ушығып кетті. Осы күні басталған шерушілер мен милицияның қақтығыстарынан соңғы деректер бойынша 80-ге тарта адам құрбан болып, жүздеген адам жараланған.
XS
SM
MD
LG