Ресей сыртқы істер министрілігі Украинадағы елшісі Михайл Зурабовты "кеңесу үшін" Мәскеуге шақыртып алды. Бұл туралы ақпарат 23 ақпанда министрліктің сайтында жарияланды. Онда Ресейдің Украинадағы елшісін бұл елдегі "жағдайдың шиеленісуіне байланысты және қалыптасқан ахуалды жан-жақты талқылау үшін" шақыртқаны айтылған.
Украина президенті Виктор Янукович 22 ақпан күні Киевтен кетіп қалғалы бері оның қайда екені белгісіз. Ақпанның 21-і күні мемлекеттік шекара қызметі Янукович отырған ұшақтың Донецкіден әуеге көтерілуіне рұқсат бермеген.
22 ақпан күні Украина парламенті экс-премьер, жеті жылдық түрме жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенконы бостандыққа шығару жөнінде қаулы шығарды. Ол 2009 жылғы Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған.
Ал кеше парламент орыс тілі және өзге де ұлттық азшылықтар тілдері қолданысын кеңіткен "Мемлекеттік тіл саясаты қағидаттары туралы" заңның күшін жойды. Заң 2012 жылы Виктор Януковичтің "Аймақтар партиясының" ұсынуымен қабылданған еді.