Киевтегі аза тұту
Киев тұрғындары мен қала қонақтары Майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Бейресми азалы шараға қатысушылар өздерімен бірге гүлдер мен шырақтар әкелді. Украина денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша, Киевте полиция күші мен шерушілер арасындағы қақтығыстардан 82 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.