Accessibility links

Украина жаңа үкіметке 27 ақпанда дауыс береді


Украина Жоғарғы Радасының жиыны. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Украина Жоғарғы Радасының жиыны. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Украина Жоғарғы Радасы елдің жаңа үкіметі құрамына дауыс беруді 27 ақпанға дейін қалдырды. Дауыс беру әуелде бүгін өтеді деп жоспарланған, бірақ парламент спикері Александр Турчинов парламент жаңа құрамға қатысты кеңесіп алу үшін дауыс беру кейінге қалдырылғанын айтты.

Шетел басшылары Украинада тезірек саяси және экономикалық реформалар өткізуге шақыру үшін осы осы ел басшылығымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс бүгін Киевке барады. Ал 24 ақпанда Украинаға барған Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон бүгін таңертең экс-премьер Юлия Тимошенкомен кездесті.

АҚШ кеше парламент орнынан алған президент Виктор Януковичті "іс жүзіндегі президент емес" деп таныған. Бірақ Ақ үй соған қарамастан әзірге ешкімді Украинаның заңды басшысы ретінде танудан бас тартып отыр.

22 ақпан күні Киевтен кетіп қалған Виктор Януковичтің қазір қайда екені белгісіз.
XS
SM
MD
LG