Accessibility links

Ресей: Қырымға ультиматум қойған жоқпыз


Украина әскери бөлімінің маңында тұрған Ресей әскерилері деп саналатын қарулы адамдар. Қырым, Севастополь, 3 наурыз, 2014 жыл.
Украина әскери бөлімінің маңында тұрған Ресей әскерилері деп саналатын қарулы адамдар. Қырым, Севастополь, 3 наурыз, 2014 жыл.
Ресейдің Қара теңіз әскери флотының қолбасшылығы егер 4 наурыз күні таңертеңге дейін берілмесе, онда Қырымдағы украин әскери бөлімдеріне шабуыл бастау жоспары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Украина ішкі істер министрлігінің өкілі кеше Ресейдің Қара теңіздегі әскери-теңіз күштерінің басшылығы Қырымдағы украин әскерилерінен 4 наурыз күні таңғы сағат 5-ке дейін берілуді талап етіп, берілмеген жағдайда күшпен басып алатыны туралы ескерткенін хабарлаған еді.

Ал "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Қара теңіз флотының өкілі ультиматум туралы ақпаратты жоққа шығарған. Ресей Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин ресейлік телеарналардың біріне берген сұхбатында әскерилерді пайдалану туралы шешім "тек қажеттілік туған жағдайда" ғана қабылданатынын, әзірге ондай қажеттілік жоғын айтқан.
XS
SM
MD
LG