Accessibility links

Қырым билігі: Киевпен келіссөзден бас тарттық


Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов.
Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов.
"Қырым автономиялық республикасының басшылығы Украина парламенті - Жоғарғы Рада өкілдерімен келіссөздерден бас тартты" деп мәлімдеді автономия премьер-министрі Сергей Аксенов. Оның айтуынша, Қырым басшылығы Украинаның жаңа билігін легитимді деп санамайды.

Аксенов "Қырым үкіметінің келіссөздер туралы ұсыныстарға жауап беруге әзірге дайын емес" екенін айтады.

Кеше Жоғарғы Рада депутаттары Қырым парламентінің депутаттарымен кездесіп, Қырым конституциясына өзгерістер енгізуге дайындық жасайтын жұмысшы тобын құруға келіскенін хабарлаған.

Ақпанның соңында Қырым билігі Украинаның жаңа билігін мойындаудан бас тартқан. Қырым парламенті бұрынғы премьер-министр Анатолий Могилевті отставкаға жіберіп, оның орнына "Орыс бірлігі" партиясының жетекшісі Сергей Аксеновті тағайындаған. Қырымда аймақтың мемлекеттік мәртебесін анықтау жөніндегі референдум 30 наурыз күні өтетін болып белгіленді.

Ал Киевтің округтік әкімшілік соты Қырым парламентінің Аксеновті премьер етіп тағайындау және референдум белгілеу шешімін заңсыз деп таныды.
XS
SM
MD
LG