Accessibility links

БҰҰ: "Украиндардың босып кеткені" туралы дерек жоқ


БҰҰ өкілі Мартин Несирки.
БҰҰ өкілі Мартин Несирки.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссиясы "украин босқындарының Ресейге жаппай кетіп жатқаны" туралы дерек жоғын мәлімдеді. Нью-Йоркте сөйлеген БҰҰ өкілі Мартин Несиркидің айтуынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы Украина тұрғындарының жаппай немесе әдеттен тыс көшіп жатқанын немесе қоныс аударғанын байқамаған.

Украиналықтардың "Ресейге жаппай кетіп жатқаны" туралы Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға әскер кіргізу туралы туралы ұсынысын қолдай сөйлеген сөзінде Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко айтқан еді.

Ал осы апта басында Ресей федералдық миграция қызметінің басшысы Константин Ромодановский Украинадан шыққандар өздерін Ресей аумағында паналатуды сұрап жиі өтініш білдіре бастағаны туралы хабарлаған.

Ресейлік ақпарат құралдарында соңғы күндері украиналық "мыңдаған адамның босып кеткені" туралы ақпарат тарап, шекара аймақтарында Украина азаматтарының шоғырланып тұрғаны жайлы суреттер пайда болған еді. Ұзамай интернетте бұл ақпараттарды жоққа шығарған деректер шыға бастады.
XS
SM
MD
LG