Accessibility links

Донецкідегі қақтығыс


Донецкідегі қақтығыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

5 наурыз күні Украинаның шығысындағы Донецк қаласында ресейшілдер мен украинашылдар қақтығысты. Ресейшіл белсенділер Донецк қаласында Украинаның жаңа билігін қолдауға шыққан шерушілерге көзден жас ағызатын құтылар лақтырды. Төбелес шеру аяқталып, жиылғандар тарап жатқан кезде басталған. Полиция төбелескендерді арашалауға тырысты. Әзірге ұсталғандар немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ. 5 наурыз Парижде (Франция астанасы) Украинадағы дағдарысты реттеу жөнінде келіссөздер өтті. Онда АҚШ-тың Украинаның жаңа билігін мойындау туралы ұсынысын Ресей қабылдамай тастады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «дағдарысты реттеу туралы келіссөздердің жалғаса беретінін», 6 наурыз күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Рим (Италия) қаласына кездесетінін айтты.

XS
SM
MD
LG