Әлем лидерлері Ресейдің халықаралық құқықты бұзып отырғанына алаңдаушылық білдіріп, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға қолдау көрсететіндерін мәлімдеді.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ президенті Барак Обаманың Ұлыбритания премьері Дэвид Камеронмен, Франция президенті Франсуа Олландпен, Италия премьері Маттео Ренцимен телефон әңгімесінен кейін хабарлады.
Ақ үй таратқан хабарламада «Әлем лидерлері Ресейдің халықаралық құқықты бұзу әрекеттерін жалғастыруы оның халықаралық қауымдастықтан оқшаулануына әкелетініне сенімді» деп жазылған.
Обама бұдан бөлек, Латвия президенті Андрис Берзиньшпен, Литва президенті Даля Грибаускайтемен, Эстония президенті Тоомас Ильвеспен телефон конференциясын өткізген.
Обама АҚШ-тың НАТО құрамындағы одақтастарын қорғауға әзір екенін мәлімдеді. Балтық елдері басшылары НАТО-ның олардың әуе кеңістігін бақылап отырғанына ризашылықтарын білдірді.
Әлем лидерлері Ресей әскерін Қырымнан алып кетуі тиіс екенін, аймаққа халықаралық бақылаушыларды жіберу қажеттігін, тез арада Украина мен Ресей билігі арасында диалог орнатып, Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге жәрдемдесетін байланыс тобын құру керек екенін құптаған.
АҚШ одақтастары Қырымның Ресейге қосылуы жөніндегі референдумды заңсыз деп танитындарын, оның Украина конституциясын бұзатынын, Қырымға қатысты барлық шешімдерді Киев шығаруы тиіс екенін мәлімдеді.