Accessibility links

Өзбек шенеуніктері шетелге президент рұқсатымен ғана шықпақ


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов "мемлекеттік құпияларды сақтау" мақсатында үкіметтің жоғары шенді шенеуніктеріне шетелге шығудың жаңа тәртібін белгілейтін жарлық шығарды.

5 наурызда қол қойылған, ресми ақпарат құралдарында 10 наурызда жарияланған құжатқа сәйкес, Өзбекстан үкіметінің 25 мүшесі (оның ішінде премьер-министр Шавкат Мирзяев та бар) шетелге шығарында президенттің рұқсатын алуы тиіс.

Құқық қорғау және күш құрылымдары басшылары да енді шетелге президент әкімшілігінің рұқсатымен ғана шыға алады.

Мемлекеттік органдардың басқа да жоғары шенді өкілдері, оның ішінде агенттіктер мен ұлттық телекомпаниялардың, өнер академияларының басшылары шетелге іссапармен тек үкімет рұқсат берсе ғана шыға алады.

Құжатта шетелге рұқсатсыз шыққаны үшін қандай шара қолданылатыны таяу уақытта белгілі болатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG