Accessibility links

Донецкідегі қақтығыс


Донецкідегі қақтығыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00
Жүктеп алу

Украинаның шығысындағы Донецк қаласында наурыздың 14-іне ауған түні жаңа билікті жақтаушылар мен ресейшілдер қақтығысты. Бір адам қаза тапты. Ақпараттар бойынша, бұл – Киевтен басқа қалада болған алғашқы адам өлімі. Жараланған он шақты адамды жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді. Бірнеше жүз адам Ресей президенті Владимир Путинді қолдаған ұрандар айтып, қаланың орталық алаңына жиналғанда оларға жаңа билікті жақтаған жүздеген адам қарсы шыққан. Екі топ бетпе-бет келіп, араларында тұрған полиция кордонын бұзып өтіп, төбелескен. Көргендер төбелес кезінде темір сойылдар мен тастар қолданылғанын айтады. Ресей Қырымға әскер кіргізгелі Украинаның шығыс аймақтарында қақтығыстар тоқтамай тұр.

XS
SM
MD
LG