Accessibility links

Қырымда дауыс беруге мәжбүрлеу жайлы айтылды


Қырымдағы дауыс беру
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

ВИДЕО: Қырым автономиялық республикасындағы референдум. 16 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Қырымда автономиялық аймақтың мәртебесіне қатысты өтіп жатқан референдумда сайлау учаскелерінде тізімде жоқ адамдарға, соның ішінде басқа елдің азаматтарына дауыс беру бюлеттеньдері берілгені туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады.

Куәгерлер әрбір сайлау учаскесінде бес-алты «дружинник» адамдар жүргенін айтады деп хабарлайды басылым.

Приморск елді мекенінде орыс казактарының тобы мемлекеттік ғылыми-сынақ орталығының қызметкерлерін жұмыс орындарына кіргізбей қойған. Олар осының қарсаңында референдумға қатыспау туралы ортақ шешім қабылдаған аталған орталықтың қызметкерлерін әуелі сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге мәжбүр етпек болған деп хабарлады Украина қорғаныс министрлігі баспасөз орталығының жетекшісі Владислав Селезнев.

Сенбі күні Қырымның мәртебесіне қатысты референдумды заңсыз деп тану туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне (БҰҰ ҚК) АҚШ дайындап ұсынған қарар жобасын кеңеске мүше 13 мемлекет қолдап дауыс бергенде, Қытай қалыс қалып, Ресей вето қойған еді.

Батыс елдері халықаралық қауымдастықты даулы референдумды мойындамауға шақырып отыр. Қырымды Ресейдің қанатының астына алуды көздейтін бұл референдумды Кремль қолдайды.

2 миллионнан астам тұрғыны бар Қырым халқының басым көпшілігін этникалық орыстар құрайды.
XS
SM
MD
LG