Accessibility links

Хайыров әйелінің шағымы қанағаттандырылмады


Терроризм айыбы бойынша ұзақ мерзімге сотталған Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаева.
Терроризм айыбы бойынша ұзақ мерзімге сотталған Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаева.
Алматының апелляциялық соты 17 наурызда Шынар Бисенбаеваның 2012 жылы қарулы топқа қарсы арнайы операция кезінде қаза тапқан ұлының ісі бойынша Алмалы аудандық сотының шешіміне берген шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Бұған дейін Алмалы аудандық соты Шынар Бисенбаеваның арнайы операция кезінде ұлының қаза табуына байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы қалалық департаменті және ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының үстінен берген шағымын қанағаттандырудан бас тартқан еді.

Бисенбаева аталған үш органнан моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді сұраған.

Шынар Бисенбаева мен терроризм айыбы бойынша ұзақ мерзімге сотталған Саян Хайыровтың ұлы Ислам Мақсұт 2012 жылы тамызда Алматы маңындағы Бағанашыл ауылында "қарулы топқа қарсы арнайы операция" барысында қаза тапқан еді. Арнайы операция кезінде ресми дерек бойынша 13 адам, оның ішінде қоршауға алынған үйде қалып қойған Ислам Мақсұт пен жеті жастағы Ахметбек Қожанов та қаза болған.

Билік бұл топты 2012 жылы жасалған бірнеше экстремистік қылмыстарға қатысы бар деп санайды. Құзырлы орындардың ұйғарымынша, топтың жетекшілері Саян Хайыров пен тағы бір адамнан өзге барлық мүшелерінің осы операция кезінде көзі жойылған.
XS
SM
MD
LG