Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея біріккен әскери жаттығу бастады


Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери кемелері жаттығу кезінде. 17 наурыз 2013 жыл.
Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери кемелері жаттығу кезінде. 17 наурыз 2013 жыл.
Оңтүстік Корея мен АҚШ 27 наурызда кең ауқымдағы біріккен әскери жаттығуларын бастады.

Оңтүстік Кореяның "Ренхап" агенттігінің хабарлауынша, "Ссанг йонг" ("Қос айдаһар") деп аталатын жаттығуға 10 мыңға тарта теңізші, теңіз жаяу әскері мен десант қатысады.

АҚШ пен Оңтүстік Корея 1993 жылдан бері мұндай көлемдегі теңіз жаяу әскерлерінің біріккен жаттығуын алғаш рет өткізіп отыр. Әскери жаттығу Корей түбегіндегі жағдай шиеленіскен тұста ұйымдастырылды. Солтүстік Корея ақпарат құралдары жаттығуларды айыптап, Вашингтонды аймақтағы жағдайды шиеленістірді деп кінәлады.

26 наурызда Солтүстік Корея жоспарланған жаттығуларға қарсы әрекет ретінде орта қашықтыққа атылатын баллистикалық екі зымыранын сынаған.

Әскери жаттығулар 7 сәуірге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG