Accessibility links

Қазақстанды құлдықпен күресті күшейтуге шақырды


Құлдыққа түскен адам. Көрнекі сурет
Құлдыққа түскен адам. Көрнекі сурет
БҰҰ-ның құлдық мәселелері бойынша арнайы баяндамашысы Гульнара Шахинян 27 наурыз күні Астанадағы үш күндік сапарын қорытындылап, Қазақстан үкіметін құлдықтың барлық түрімен күресті күшейтуге шақырды.

«Қазақстан үкіметін қылмыстық кодекстің жаңа жобасында құлдықтың барлық түрін қылмыс деп көрсетуге шақырамын. Оған тұрмыстық құлдық, күшпен жұмысқа салу, ерте жастан, зорлықпен үйлендіру жатады» деді сарапшы.

Гульнара Шахинян, Қазақстанның көші-қон туралы заңына енген өзгерістерді оң бағалады. Ол өзгеріске сәйкес жұмыс істеуге рұқсат оңай беріледі. Бірақ маман мигранттардың балаларын емдету қиындықтарына назар аударды.

БҰҰ-ның құлдық мәселелері бойынша сарапшысы Гульнара Шахинян Қазақстанға 25 наурыз күні келген. Ол 2012 жылы осы елге жасаған сапарынан бері Қазақстан үкіметінің алдыңғы ескертпелерін қаншалықты қаперге алғанын білуді мақсат тұтқан.
XS
SM
MD
LG