Cақтандыру компаниялары Malaysia Airlines компаниясының жоғалған Boeng 777
жолаушылар ұшағына 110 миллион доллар төледі деп хабарлайды The Telegraph басылымы.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың мәлімдеуінше, Boeng 777 ұшағының шығынын Allianz, GIC Re, Hannover Re, Lonpac Insurance, Malaysian Re және қазақстандық «Еуразия» компаниялары төлеген.
Қазақстандық «Евразия» сақтандыру компаниясы Азаттыққа 110 миллион доллардың белгілі бір мөлшерін төлегенін растады. Компанияның баспасөз қызметі нақты қанша сома төленгені туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланатынын айтты.
«Алдағы уақытта сақтандыру компаниялары ұшақта болған 239 адамның қаза тапқандықтары расталса, олардың жақындары мен отбасыларына ондаған миллион доллар өтемақы төлеуі мүмкін. Ұшақ терроризм мен пилоттардың қателігінен апатқа ұшыраса өтемақы төлеу жағы қарастырылады» дейді «Евразия» сақтандыру компаниясы.
8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.