Accessibility links

Таиландта мыңдаған адам шеруге шықты


Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.
Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.
29 наурыз күні үкіметке наразы мыңдаған адам Бангкок көшереліне шықты. Олар елде саяси реформалар жасауды талап етеді.

Таиландтағы Йинглак Чинават (әйел адам - ред.) үкіметіне қарсы шерулер былтыр қараша айында басталған. Шерушілер оның және министрлер кабинетінің отставкаға кеткенін қалайды. Азаматтар қазіргі премьерді бұрынғы үкімет басшысы, өзінің ағасы Таксин Чинаватты рақымшылықпен түрмеден босатуға мүмкіндік беретін заң шығармақшы деп айыптайды.

Таиландта 2006 жылы төңкеріс болып, қазіргі премьер-министрдің ағасы Таксин Чинават жемқор ретінде биліктен шеттетілген еді.

Үкіметке қарсы шерулер өтіп жатқалы бес ай болды. Осы уақыт ішінде қақтығыстардан 23 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG