Accessibility links

Түркияда сайлау өтіп жатыр


Түркия премьер-министр Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) қолдаушылары алдында сөйлеп тұр. Стамбул, 23 наурыз 2014 жыл.
Түркия премьер-министр Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) қолдаушылары алдында сөйлеп тұр. Стамбул, 23 наурыз 2014 жыл.
Бүгін Түркияда бірқатар қала басшылары мен жергілікті билік органдарына сайлау өтіп жатыр. Сайлауға елдегі ең ірі алты саяси партия, арасында оппозициялық Республикалық халықтық партия да бар, өз кандидаттарын ұсынған. Сайлаушылар тізімінде 52 миллион шамасында адам бар.

Сарапшылар бұл жолғы сайлау биыл ірі коррупциялық жанжалға іліккен биліктегі «Әділет және даму» партиясына азаматтардың сенімі қандай екенін көрсетеді дейді. Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс пайдалануына меңзейтін аудиожазбаларға сілтемелер интернетте жарияланған соң премьер-министр Режеп Тайып Ердоған Түркияда Twitter әлеуметтік желісін бұғаулау туралы мәлімдеген еді.

Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан Ердоған бұдан бұрын 30 наурызда жергілікті сайлау өткен соң үкімет Facebook пен YouTube желілерін жабатынын да айтқан еді.

Түркия билігінің интернетке шектеу қолдануына халықаралық деңгейде сын айтылды.
XS
SM
MD
LG