Accessibility links

АҚШ Молдоваға шекарасын күзетуге көмек бермек


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд (сол жақта) пен Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман. Кишинев, 30 наурыз 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд (сол жақта) пен Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман. Кишинев, 30 наурыз 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуландтың айтуынша, Вашингтон Молдоваға шекарасын күзетуге 10 миллион АҚШ долларын бөлуге дайын. Нуланд бұл туралы Кишиневте Молдова сыртқы істер министрі Наталья Германмен кездескеннен кейін мәлімдеді.

Виктория Нуланд жексенбі күні Кишиневте Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэмен және президент Николае Тимофтимен кездескен еді.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Барак Обамамен телефонмен сөйлескенінде Молдовадан бөлінген Приднестровье аймағы Молдованың немесе Украинаның блокадасына ұшырайды деп мәлімдеген.

Кездесулерден соң Виктория Нуланд пен Наталья Герман Путиннің бұл пікірін жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG