Accessibility links

Lufthansa ереуіл салдарынан 3800 рейсті ұшырмайды


Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Lufthansa компаниясының ұшақтары. Көрнекі сурет.
Германияның ең ірі Lufthansa әуе компаниясы осы аптада ұшқыштардың үш күндік жоспарлы ереуіліне байланысты 3 мың 800-ге тарта рейсін ұшырмайтынын хабарлады.

Компания ұшқыштары кәсіподағы компания басшылығымен ұзаққа созылып келе жатқан жалақы мәселесіне қатысты дауды шешу мақсатында ереуілге шығуға шақырған.

Ереуілге Lufthansa мен оның еншілес Germanwings компаниясының жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың, кейбір жүк тасымалдайтын ұшақтардың ұшқыштары қатыспақ.

Lufthansa ереуіл ондаған миллион еуро шығын келтіретінін айтады.

2010 жылы ұшқыштардың бір күндік ереуілінде 2 мыңға жуық рейс ұшырылмай қалып, компания 48 миллион еуро көлемінде зиян шеккен.
XS
SM
MD
LG