Украинаның теңіз жаяу әскері Қырымнан кетті. Ресей солдаттары Украина әскерінен қалған техниканы олжалады.
Қазіргі Қырым

1
Балаларын жетектеген Қырым тұрғыны Ресей танкілеріне қарап тұр. Қырым, Гвардейское ауылы, 31 наурыз 2014 жыл.

2
Франция. Париждегі "Еуромайдан" шеру кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алып тұр. 30 наурыз 2014 жыл.

3
30 наурыз күні мыңдаған украиналықтар Киевтегі Тәуелсіздік алаңында шеру кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алды.

4
Ресей туына оранып алған әйел Ресейді қолдаушылар шеруінде итпен ойнап тұр. Донецк. 29 наурыз 2014 жыл.

5
Қырым татарлары құрылтайы татар халқының ұлттық-аумақтық автономиясын құру рәсімдері басталғанын жариялады. Симферополь, 29 наурыз 2014 жыл.

6
27 наурыз күні Украина қорғаныс министрі міндетін атқарушы Михаил Коваль Киевте Қырымнан келген теңіз жаяу әскерін қарсы алды. Оларды президент полкінің ғимаратына орналастырды.

7
Ресейлік солдат Украина әскерінен қалған танкіге бағыт беріп тұр. Қырым, Перевальное, 27 наурыз 2014 жыл.