Ұлыбритания билігі "Мұсылман бауырлар" қозғалысының терроризммен байланысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу бастады. Ұлыбритания премьер-министр Дэвид Кэмеронның айтуынша, үкімет қозғалыстың экстремизмге қатысын және оның Ұлыбританияда қаншалықты белсенді әрекет ететінін білмек ниетте.
Бұған дейін баспасөзде "Мұсылман бауырлар" ұйымына Египетте тыйым салынған соң оның мүшелері Ұлыбритания территориясын астыртын әрекет ететін база ретінде пайдаланып отыр деген ақпараттар тараған еді.
Үкіметтің мәлімдеуінше, тексеруге MI5 және MI6 арнайы қызметінің агенттері қатыспақ. Ақпарат құралдары тергеу нәтижесінде ұйымға тыйым салынуы мүмкін деген болжам жасайды.
"Мұсылман бауырластар" ұйымы Египет пен Сауд Арабиясында террористік ұйымдар қаратына кіргізіліп, тыйым салынған еді. Бірақ ұйым мүшелері бейбіт әрекет ететінін айтады.