Accessibility links

НАТО Ресеймен ынтымақтастықты тоқтатады


НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен (ортада) және альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлері. Брюссель, 1 сәуір 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен (ортада) және альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлері. Брюссель, 1 сәуір 2014 жыл.
НАТО Қырымды аннексиялап алғаны үшін Ресеймен "азаматтық және әскери саладағы ынтымақтастығын толықтай тоқтататынын" хабарлады. Сейсенбіде Брюссельде өткен кездесуде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері альянс Мәскеумен "Ресей-НАТО" кеңесі арқылы саяси диалогын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Министрлер бұған қоса Украина сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен кездесіп, Киевпен ынтымақтастықты жалғастыруға, оқу және басқа да бағдарламалар арқылы қорғаныс саласын реформалауға уағдаласты.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен Украинадағы дағдарыс Еуропада "жаңа шекаралық бөлінушілік" құбылысының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін деп ескертті. Ол Ресейдің Украинамен шекарадан әскерін әкеткеніне "ешқандай дәлел-айғақ жоқ" екенін де айтты.
XS
SM
MD
LG