2 қыркүйекте Ресей мен Украина бір-бірінің аумағына көп соққы жасады. Ресейдің Белгород облысында бір адам қаза тапты. Екі жақта жиыны 80-нен аса бейбіт тұрғын жараланды, әлеуметтік мекеме ғимараттары, үйлер қирады. Бірақ Мәскеу де, Киев те бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалғанын мойындамайды.
Украина әскері Ресейдің Курск облысына шабуылын жалғастырып жатыр. Бұған қоса, Ресейдің Белгород облысы да "жағдай өте қиын" деп, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет және Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін екі жарым жыл өткенде Ресей аумағы ашық шабуылға ұшырады. Ресей жеріндегі шайқастар "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қақтығысқа араласа ма?" деген сұрақ туындады.
Чехия президенті, отставкадағы генерал, 2015-2018 жылдары НАТО әскери комитетінің төрағасы болған Петр Павел Азаттық радиосына кеңірек сұхбат берді.
Украинаның Винница дейтін қаласына 14 шілде күні Ресей зымыраны түскенде жеті жасар Роман да зардап шекті. Денесін күйік шалған. Ал оның анасы жарылыс кезінде мерт болып, оны ДНҚ сараптамасы арқылы бір-ақ анықтаған.
21 ақпанда Мәскеу Украинаның жікшіл екі аймағын "тәуелсіз ел" деп таныған соң ресейлік лауазымды тұлғалар түсініксіз, екіұшты мәлімдемелер жасаумен болды. Ертеңіне Владимир Путин Ресей сепаратистер бақылайтын аумақты ғана емес, тұтас екі облыстың тәуелсіздігін мойындағанын айтты.
Ресейдің Украинадағы сепаратистік аймақтар тәуелсіздігін мойындауы және Путиннің оған берген түсінігі Орталық Азия үшін нені аңдатады?
Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы екі облысты тәуелсіз ел деп таныды. Бұл облыстар Мәскеу қолдап отырған сепаратистер бақылауында еді. Азаттық радиосы Путиннің мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын саралап көрді.
Ресей билігі Украинаның шығысындағы сепаратистік "ДХР" және "ЛХР" деп аталатын құрылымдарды "тәуелсіз мемлекет" деп танитынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин аталған екі аймаққа Ресей әскерін кіргізуге бұйрық берді. Киев пен Батыс мемлекеттері Мәскеудің бұл қылығын айыптап жатыр.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Донбасс бойынша бейбіт процесте жетістікке жетеміз" деп белгілеген бір жыл мерзімі аяқталды. Бір жылда Украинаның шығысындағы Киевтің бақылауына кірмейтін аудандарда не өзгерді?
Тағы