Accessibility links

Олланд жаңа үкімет құрамын ұсынды


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд өзінің басқарушы Социалистік партиясы жергілікті билік органдарына сайлауда жеңіліп қалғаннан кейін министрлер кабинетінің жаңа құрамын ұсынды. Жаңа үкіметтегі орындардың бірін Олландтың бұрынғы азаматтық некедегі әйелі Сеголен Руаяль иеленеді.

Жаңа үкіметті бұған дейін ішкі істер министрі болған, иммиграция мәселесіне қатысты қатаң ұстанымымен танылған Мануэль Вальс басқарады. 2007 жылы президенттіктен үміткер болған Руаяль экология, энергетика және тұрақты даму министрі болмақ. Лоран Фабиус сыртқы істер министрі болып қала бермек. Олландтың серігі және бұрынғы еңбек министрі Мишель Сапен қаржы министрі болады.

Сарапшылардың көпшілігі 30 наурызда өткен жергілікті билік органдарына сайлаудың қорытындысын азаматтардың Франсуа Олландтың соңғы екі жылда президенттік қызметте жеткен жетістіктеріне берген бағасы деп біледі.
XS
SM
MD
LG