Ұлыбритания билігі испан кемелерінің Гибралтар бұғазы суларына "арандатушылық мақсатта баса-көктеп кіргеніне" наразылық ретінде Испания елшісін шақыртып алды.
Испания жағалауларындағы бұл жартасты аймақты соңғы үш ғасыр бойы Ұлыбританияның бақылауында ұстап отыр. Бірақ Испания аймақты өз қарамағына қайтаруды талап етіп келеді.
Ұлыбританияның Еуропа істері бойынша министрі Дэвид Лидингтон Гибралтар маңы суларына испаниялық зерттеу кемелерінің полиция эскортымен бірге кіруін "заңсыз" деп атап, Испаниядан мұндай оқиғаның бұдан былай қайталанбауын талап етті.
Соңғы жылда екі ел арасында Гибралтарға қатысты мұндай әрекеттер бірнеше рет қайталанып отыр.