Accessibility links

АҚШ-та үш адам оққа ұшты


АҚШ базасындағы атыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00

ВИДЕО: Атыс болған Форт Худ әскери базасы маңында. Техас штаты, АҚШ, 2 сәуір 2014 жыл.

АҚШ-тың Техас штатындағы Форт Худ әскери базасында 2 сәуір күні кешке белгісіз қарулы адам үш адамды атып өлтірген. Әскери база өкілдері оқыс оқиғадан он алты адам жараланғанын, оның төртеуі ауыр халде жатқанын хабарлады.

Соңғы деректерге қарағанда, оқ атқан адам - осы базаның әскери қызметкері және ол өз-өзін атып өлтірген. Оның "психикасы бұзылған болуы мүмкін" деген болжам айтылып отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Форт Худ базасы нысандарының бірінде әскери дәрігер Нидал Хасан оқ атып, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, он үш адам жараланған еді. Ол оқиғадан соң базада қауіпсіздік шаралары жасалған болатын.

Бұл жолғы оқиғада куәгерлердің айтуынша, алғаш екі оқ атылғаннан кейін сирена үні естіліп, қызметкерлерге жұмыс орындарынан қозғалмау туралы ескертілген. Атыс қанша уақытқа созылғаны белгісіз.

Баспасөз жиыны кезінде әскери база өкілі автоматты тапаншамен қаруланған адам база ғимараттарының біріне еніп, ескертусіз оқ атқанын, оқиғаның "теракті екеніне дәлел жоғын" мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама атысқа байланысты жасаған қысқаша мәлімдемесінде оқиғаның астарын ашуға бар күш салынатынын айтты.
XS
SM
MD
LG