Accessibility links

Аралдағы Мойнақ

Бұдан жарты ғасыр бұрын Арал теңізінің суы тартыла бастады. Бір кездері Қарақалпақстандағы балық өнеркәсібі дамыған ірі орталық болған Мойнақ қаласының жұмыссыз қалған тұрғындары, теңіз шөлге айналған соң, Ресейден кәсіп іздеуге мәжбүр болды. Жергілікті халықтың көбі теңіздің тартылуын совет әскерилері жүргізген сынақтардың салдары деп санайды. Шынымен, совет кезінде бұл жерде әскери нысандар көп еді. Возрождение аралында бактериологиялық қару жасауға арналған лаборатория болған. Бір кездегі арал қазір құрлықтың бір бөлігіне айналған, онда НАТО мамандары советтік зертханаларды зарарсыздандыру шараларын жүргізген. Бұрын советтік химиялық қару полгионы орналасқан жерде қазір «Жаслық» түрмесі тұр, онда өзбекстандық саяси тұтқындардың жантүршігерлік жағдайда қамауда отырғаны айтылады. (Суреттердің авторы - Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Дмитрий Волчек)

Пікірлерді көріңіз (5)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG