Accessibility links

Түркімен медицинасы

Түркіменстанда денсаулық және спорт айы өтіп жатыр. Елдің жер-жерінде мыңдаған адам парктерде серуендеуге, жұмыс орнында міндетті жаттығулар жасауға мәжбүр. Бұл науқан – президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің денсаулық сақтау саласындағы бастамаларының біреуі ғана. Билікке 2006 жылы келген ол елдің денсаулық сақтау саласын модернизациялауға ондаған миллион доллар бөлді. Жарқыраған жаңа медициналық мекемелер салынып, ішіне қазіргі заманның техникалары қойылды. Алайда қарапайым түркімендерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы аянышты.

XS
SM
MD
LG