Accessibility links

НАТО Косовоның үстінен ұшуға рұқсат етті


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
НАТО азаматтық ұшақтарға Косово әуе кеңістігі арқылы өтуге рұқсат етті. Бұл елдің әуе жолдары азаматтық ұшақтарға 15 жыл бұрын жабылып қалған еді. Соғыс біткелі НАТО тұңғыш рет Косово үстінен жолаушылардың ұшуына рұқсат беріп отыр.

Бірақ Косовоның әуе кеңістігі НАТО бақылауында қала береді. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "мұның маңызды қадам" екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, "енді Еуропадан оңтүстікке, шығысқа ұшатын жолаушылар лайнерлері Косовоны айналмайтын болады". Расмуссен жылына 180 мың рейс Косовоны айналып ұшуға мәжбүр болып келгенін айтты.

1999 жылғы қақтығыстан тоғыз жыл өткенде (2008 жылы) Косово Сербиядан тәуелсіздік алды.
XS
SM
MD
LG