Accessibility links

"Газпром": Украина қарызы - 11 миллиард доллар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің "Газпром" компаниясы Украинаның қарызы 11 миллиард АҚШ доллары екенін айтты.

"Газпром" басшысы Алексей Миллер "Украина Ресейге 11 миллиард доллар төлеуі керек" дейді. Ол «2009 жылы Киев пен Мәскеу арасында жасалған Харьков келісімі бойынша Украина төрт жыл бойы газды арзан бағамен алып келді. Ресей газды Қырымдағы әскери базаны жалға алғаны үшін арзандатқан. Қазір Қырым Ресейге қосылды. Украина енді төрт жыл бойы арзан алған газының толық құнын төлесін" дейді.

Ресей өткен аптада Украинаға сататын газының бағасын мың текше метріне 285,5 доллардан 485,5 долларға көтерген еді.
XS
SM
MD
LG