Accessibility links

Обама мен Меркель Украина жайын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.
АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Украинаға қатысты саясатына байланысты енді қатаң санкциялар салу жайын талқылаған. Бұл ақпаратты Ақ үй таратты.

10 сәуір күні телефонмен сөйлескен Обама мен Меркель Ресейдің Украинамен шекарадағы әскерін алып кетуі тиіс екенін айтқан.

Хабарламада АҚШ-тың "ресейшіл сепаратистер "Мәскеудің қолдауымен" Украинаның шығысында тұрақсыздық тудырып отыр" деп санайтыны айтылған.

Обама АҚШ пен Еуропа Одағының, өзге де елдердің Ресей қарсы санкциялар салуға дайын болуы қажеттігін ескерткен.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті Владимир Путиннің бірер күн бұрын Еуропа Одағының 18 елінің басшыларына Украинаның қарызы "шегіне жеткені" және бұл елге сататын газдың бағасын қымбаттататыны туралы хат жазғанын айтты.

Путин хатында "егер Киев 2 миллиард 2 миллион доллар газ қарызын төлемесе, Украинаға газ беруді тоқтататынын және оның Еуропа елдеріне газ тасымалдауға да әсер ететінін" ескерткен.

Джен Псаки Ресейдің газды ықпал ету құралы ретінде пайдаланып отырғанын айыптады. Оның сөзінше, Украина қазір Ресей газына Еуропа Одағына мүше елдер сатып алатын бағадан әлдеқайда қымбат төлеп отыр.
XS
SM
MD
LG