15 сәуірде азаматтық белсенді Мұрат Телібековтің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалды.
Тіркелмеген "Демократиялық Қазақстан" қоғамдық ұйымының жетекшісі Мұрат Телібеков аз уақытқа полиция қамауына алынған.
Оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа Телібековтің үстінен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 374-1 бабы бойынша ("Қазақстанда заң бойынша тіркелмеген қоғамдық, я діни ұйымды басқару, қызметіне қатысу, қаржыландыру") әкімшілік іс қозғалғанын айтты.
Мұрат Телібеков қалалық 22 мектеп-интернат директорының оның үстінен "ар-намысымды қорлады" деп түсірген азаматтық шағымы бойынша өтеді деп белгіленіп, болмай қалған сот отырысынан қайтып келе жатқанда ұсталған еді. Директор Әлия Сандықбаева интернетте "Демократиялық Қазақстан" әкімді ауыстыруды талап етеді" деген мақала жарияланғанын, онда өзі басқаратын мектепте оқушылардың ата-аналарынан заңсыз ақша жиналады-мыс деген мәлімет келтірілгенін айтады.
Арызданушының соттағы өкілі заңгер Владимир Полуэктов 15 сәуір күнгі сот отырысына келмей қалды. Бостандық аудандық сотының судьясы Жұмахан Умаров заңгердің денсаулық жағдайына байланысты келе алмағанын хабарлап, келесі отырысты 21 сәуірге белгіледі.