Accessibility links

Молдова Ресейден қауіптеніп отыр


Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 4 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 4 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
18 сәуір күні Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман үкіметтің "Ресейдің Приднестровьеге байланысты жауабын күтіп отырғанын" айтты.

16 сәуір күні Приднестровье парламентінің депутаттары Ресей президенті Владимир Путинге, Ресей парламентіне, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) аймақтың тәуелсіздігін мойындау туралы мәлімдеме жолдаған еді.

Мұның алдында, наурыз айында Молдова Ресейге Приднестровье аймағын Қырым сияқты аннексиялап алу әрекеттерін жасамауды ескерткен.

1992 жылғы қысқа соғыстан кейін Молдованың Приднестровье аймағы тәуелсіздік алуға ұмтылып келеді. Тұрғындарының басым бөлігі славян текті Приднестровьеде 2006 жылы Молдовадан тәуелсіздік алу туралы референдум өтіп, бұл аймақ сөз жүзіндегі тәуелсіздігін мәлімдеген еді.

Герман Молдова үкіметінің Ресей президенті Путиннің Приднестровье туралы 17 сәуір күні айтқан, "даулы аймақ азаматтары өз тағдырларын өздері шешуге құқылы" деген сөзінен тіксініп қалғанын айтты.

Молдова сыртқы істер министрі "барлық тараптарды біржақты мәлімдеме немесе әрекеттер жасаудан сақтандыратынын, олардың қақтығысты реттеуге арналған келіссөздерге зиян тигізетінін" ескертті.
XS
SM
MD
LG